ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

PEDAGOGY OF RELIGION AND SOCIALIZATION

Том 76 № 4 (2021), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 76 № 4 (2021)
2021-12-25

Аңдатпа

Көптеген діндер қоғамдық өмірді ұйымдастыруға тырысады, ал адамдар бағынуы керек болған әлеуметтік ережелерді діннің бір бөлігі ретінде қабылдайды. Бұл әлеуметтік ережелер, қоғам, дін туралы білімді адамдарға жеткізу діни білімнің міндеті болып саналады, себебі діни білімнің міндеті - діннің теологиялық және метафизикалық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар моральдық және әлеуметтік мінез-құлық ережелерін оқыту.                                                                    Адамдардың діни білім алуына байланысты салауатты әлеуметтік өмір сүру, ұлттық бірлік пен ынтымақтастық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік бейбітшілікті насихаттау, әлеуметтік этика мен құндылықтарды зерттеу қалыптасады. Бұл кезеңде бейресми және ресми діни білім беру мекемелері үлкен маңызға ие бола бастайды, ішіндегі ең тиімдісі адам бойында дұрыс көзқарастар мен дұрыс мінез-құлық қалыптастыратын діни білім беру орындары. Сондықтан Осы діни білімнің қоғамдық өмірге қосқан үлесі мен әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу маңызды.

Түйін сөздер: дін, білім, әлеуметтену, діни білім.