ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МАРТИН ХАЙДЕГГЕРДІҢ СӨЗ ХАҚЫНДАҒЫ ОЙТОЛҒАУЛАРЫ

Том 76 № 4 (2021), ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
Том 76 № 4 (2021)
2021-12-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада қазақтың көрнекті ақыны Өтежан Нұрғалиев шығармашылығы мен неміс философы Мартин Хайдеггердің сөз хақындағы «Поэзия һәм шайырлар жайында» Гөлдерлин. Рилке. Тракл» еңбегіндегі сөз құдіреті мен поэзия болмысы туралы идеялары отандық ғылым мен әлемдік философиядағы теориялық және методологиялық зерттеулер негізінде сарапталып, тілдің пайда болуының алғышарты әрі болмыс бастауының да негізі поэтика болып табылатындығының мәні бағамдалады. Ақын өлеңдері мен ой-толғауларындағы қоғамның рухани болмысы мен әлеуметтік шындыққа қатысты символдар мен поэтикалық образдардың астарлы мәні байыпталып, олардың заманауи қоғам мен қазіргі күннің шындығын түсінудегі маңызы айқындалады. Өтежан Нұрғалиев «Афина мектебі» өлеңдер жинағында әлемдік философия мен антик дәуірінің даналығын қазақ оқырмандарына өзінің ұлттық болмысына жақын поэзия тілінде жаңа қырынан ашып берген еді. Бұл тәсілді ақын әлемдік философия мен әдебиет, сол уақытта жарық көрген Шығыс мәдениеті, ұлттық руханият, түркілік дәстүр, халық даналығына ерекше ден қою арқылы меңгерген болатын.

Түйін сөздер: болмыс, таным, мифологиялық ойлау, мифологиялық дүниетаным, уақыт, кеңістік, тіл, поэзия, метафора, символ.