ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ӨКІМЕТТІҢ МҰСЫЛМАН ДІН БАСЫЛАРЫМЕН КҮРЕСІ: «МАҚҰРЫМДАР» МӘРТЕБЕСІНЕН «КОНТРРЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМ МҮШЕЛЕРІНЕ» ДЕЙІН

Том 77 № 1 (2022), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 77 № 1 (2022)
2022-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақала Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы материалдары негізіндегі кеңестік өкіметтің мұсылман дін басыларына қарсы күрес әдістері мен стратегияларына арналады. Мақаланың мақсаты – мұсылман дін басыларын «мақұрымдар» санатына жатқызу тәрізді құқықтық кемсіту әдісінен кеңестік өкіметті құлатуға бағытталған контрреволюциялық ұйымға қатысушылар мен оны ұйымдастырушылар айыбын тағу бойынша топтық істерді құрастырған ХІІК-тің жазалушы-репрессивті әдістеріне дейінгі жазалау шараларының ұлғайуын көрсету. Негізгі зерттеу әдісі – тарихи жаңғырту әдісі, зерттеудің дереккөз базасы – ақталған және оңалтылған мұсылман діни қызметкерлердің тергеу істері туралы мұрағаттық құжаттар.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының мұсылман дін басылары большевиктердің дінге орын жоқ, әлемді түбегелі қайта құру жобаларымен сәйкес келмейтін өздерінің қоғамдық даму көзқарастары бар аймақтың діни және әлеуметтік өмірінің белсенді субъектілері болды. Кеңестік өкіметтің дінге қарсы саясаты қоғамдағы дін басыларының әсерін жоюға бағытталған насихаттық, кемсітушілік және жазалаушы-репрессивтік тәсілдер кешенінен тұрды, нәтижесінде, толық физикалық жоюға бағытталды. Жазалау шараларының күшейуі барысында мұсылман дін басылары қуғын-сүргін саясатының объектісі ғана болып қалған жоқ, сонымен қатар, өзінің субъектілігін сақтай отырып өкімітке ресми үндеу түрінде құқықтық құрал, «астыртын мешіттер», «жасырын молда», «кезбе молда» тәжірибелері арқылы дінді қорғау стратегиясын құрды. Автордың ойы бойынша, мұсылман дін басыларын ақтау және оңалту мұсылман діни қызметкерлерінің субъектілігін қалпына келтіруден басталу керек, яғни, олардың есімдерін қайтару, олардың дінді қорғау стратегиясын қолдана отырып өмірбаянын қайта жазу, олардың кеңестік өкімет туралы дискурстарын қалпына келтіру.

Түйін сөздер: мұсылман дін басылары, «мақұрымдар», құқықтық кемсіту, жазалаушы-репрессивті әдіс, контрреволюциялық ұйым, қорғау стратегиясы