МӘДЕНИЕТ. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Том 76 № 4 (2021), МӘДЕНИЕТ. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
Том 76 № 4 (2021)
2021-12-25

Авторлар

Аңдатпа

Ғылыми жұмыста Рухани жаңғыру бағдарламасының негізіндегі атқарылып жатқан жұмыстардағы ықпал етуші фактор ретінде дәстүр мен құндылықтық бағдарлардың қаншалықты маңызды екендігіне талдау жасайды. Жаңарудың теориялық негіздемелеріне тоқтала отырып, қазіргі Қазақстан жағдайындағы жаңарудың өзіндік ерекшілігіне тоқталып, өткен ғасырдағы түрліше тарихи өзгерістердің қазіргі қоғам санасына әсерін сипаттайды. Рухани жаңғыру барысында маңызды болып саналатын дәстүр мен құндылықтық бағдарлардың ұлттық сана-сезімге сай құрылып, қазақ халқының өткен дәуірдегі руханиятының қайнар көздерінен бастау алуы маңызды. Осындай ұстанымды басшылыққа алу барысында ғана Қазақстан қоғамы шынайы жаңаруды рухани жаңғырумен ұштастырып жүйелі мәдени құндылықтарды дүниеге келтіре алады. Ұлттық құндылықтардың жаңару мүмкіндігін мәдени антропологиялық тұрғыдан сипаттап, оның әлеуметтік, философиялық негіздемесін беруде тарихи деректер мен ұлттық әдеби жәдігерлердің алар орнының маңыздылығын қарастырған маңызды. Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы мәселелерге, оның тигізетін игі ықпалдарына және мәдениет салаларының жаңару барысындағы ұлттық құндылықтарды ескеру маңыздылығына тоқталу Рухани жаңғыруға байланысты ғылыми тұжырымдамалардың құндылығын арттыра түседі.

Түйін сөздер: Рухани жаңғыру, дәстүр, құндылықтық бағдарлар, сананың ашықтығы, прагматизм, жаңару.