ТІЛ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. САЯСИ ҮРДІС

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІНІҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТІЛДІК-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ҮДЕРІСІ

Том 76 № 4 (2021), ТІЛ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. САЯСИ ҮРДІС
Том 76 № 4 (2021)
2021-12-25

Авторлар

Аңдатпа

Жаһандану үдерісі қоғам өмірінің барлық салаларына белсенді еніп, етек жайған кезеңде тілдің ұлттық иммунитетін күшейту, мемлекеттің ұлттық әлеуеті мен сәйкесімділігін арттырудың маңызы зор. Ономастика мәселесі мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызы бар бағыттың бірі. Мақалада Алматы қаласының ономастикалық кеңістігін құрайтын маңызды тілдік элемент ретінде эргонимдердің семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктері, сандық-сапалық көрсеткіштері айқындалады. Бұл атаулар жалпы бұқараның, мегаполис тұрғындары мен қонақтардың, шетелдік туристердің тілдік, мәдени және әлеуметтік-этикалық санасын қалыптастыратын, тәрбиелік маңызы бар фактор болғандықтан жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Алматы шаһарының тілдік ландашфтында көптеген мәдениеттер мен тілдердің тоғысуы нәтижесінде алуан тілде өрнектелген коммерциялық кәсіпорындар, қала көшелеріндегі маңдайшалардың тілдік ерекшеліктерін зерттеу мегаполистің қазіргі мәдени-әлеуметтік бет-бейнесін, ұлттық мазмұндағы атаулардың үлесін, жалпы даму бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік береді. Жаһандану үдерісінің оң ықпалы ретінде Қазақстанның ономастикалық атаулары, оның ішінде мегаполис ономастиканы әлемдік, халықаралық ақпараттық кеңістікке еркін еніп, кең көрініс табатынын атауға болады. Алайда, екінші жағынан, қоғамның шамадан тыс американдану, вестерндену, әлеуемттану метафорасымен айтқанда, «макдональдану» үрдісі, яғни ағылшын тілінің басымдылығы қазақ тілінің, ономастикалық атаулар жасау механизмін, оның этномәдени семантикасын, ұлттық мазмұнын әлсіретеді. Мақалада Алматы қаласы көшелерінде көзге бірінші ілігетін коммерциялық нысан атауларына (кейбір сауда-саттық кешендері, бизнес орталықтары, мейрамхана, кафе), қаржылық, білім беру мекеме атауларына (банк, ақша айырбастау пункттері, ломбард және балабақша атаулары салыстырмалы-статистикалық талдау жүргізу нәтижесінде шеттілдік кірме және қазақ тіліндегі эргонимдердің үлесі айқындалып, пікірлер айтылды. Қала ономастикасын реттестіруге, оңтайлы үйлестіруге қатысты ұсыныстар берілді.

Түйін сөздер: тіл саясаты, әлеуметтік ономастика, жаһандану, урбаноним, эргоним, нейминг, жарнама тілі, сөз мәдениеті, тілдік құзіреттілік.