ТІЛ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. САЯСИ ҮРДІС

Экзистенциалық толғаныстардың туындауы: пандемияның Қазақстандықтарға әсері

Том 76 № 4 (2021), ТІЛ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. САЯСИ ҮРДІС
Том 76 № 4 (2021)
2021-12-25

Авторлар

Аңдатпа

COVID-19 вирусының таралуына байланысты орын алған пандемияның салдары экзистенциалдық толғаныстарға әкелді. Нәтижесінде, адамзат баласы өмірдің қысқалығын сезіне отырып, экзистенциалдық мәселелерге көңіл бөле бастады. Осы мәселені түбегейлі зерттеу мақсатында, «Пандемияға байланысты қазақстандықтардың дүниетанымындағы экзистенциалдық толғаныстардың туындауы» атты зерттеу жобасы аясында сауалнама жүргізілді. Бұл пандемия кезінде адам өмірінің мәні мен мазмұнына терең гносеологиялық және аксиологиялық талдау жасау үшін адамның экзистенциалдық толғаныстарын қарастырып, эмпирикалық тұрғыда түсініп, пайымдауға мүмкіндік алудың жолы. Мақалада сауалнаманың нәтижесіне сүйене отырып, қазіргі таңдағы адамдардың экзистенциалдық толғаныстары қарастырылды. Адам мен оның өмірінің мәнін зерттеу мәселелері әлеуметтік тұрғыда ғана маңызды емес, сонымен қатар философиялық талдауды қажет ететін үлкен мәселелер қатарына жатады.

Түйін сөздер: Экзистенциалдық толғаныстар, пандемия, өмір, адамгершілік, жауапкершілік, COVID-19.