ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САЯСИ ШЫНДЫҚ

POLITICAL ADVERTISING IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN: A COMPARATIVE ANALYSIS OF THE PRESIDENTIAL ELECTION CAMPAIGNS IN 2011 AND 2015 YEARS

Том 74 № 2 (2021), ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САЯСИ ШЫНДЫҚ
Том 74 № 2 (2021)
2021-06-25

Аңдатпа

Қазақстандық қоғамды жаңғырту және демократияландыру процесі барысында мемлекет стратегиялық және тактикалық міндеттерді алға жылжытатын, тұрғындарды саяси мәдениетін жоғарылататын, тұрақтылықты бекітетін жарнамалық технологияларды қажет етеді. Саяси жарнама – бұл саяси субъектілер мен объектілердің қатынастарына тәуелді азаматтардың ұстанымдарына ықпал жасайтын байланыстың ерекше түрі. Қоғам мен саяси жарнама арасындағы өзара байланыстарды екі жақты қарауға болады: жарнамалық қызмет қоғамның саяси дамуына себепші болады, екінші жағынан қоғам жарнама технологияларын дамытады. Сонымен қатар, бұл сайлау науқаны барысындағы саяси коммуникацияның электоратқа қысқа, өзіндік тез жаттауға құрылған адрестік ықпал жасаудың түрі. Саяси жарнама нақты саяси күштер саяси тұғырнамасының мәнін көрсетеді, сайлаушыларды қолдауға шақырады, саяси күштер туралы ойларды көпшілік санасында қалыптастырады, дауыс беруге қажетті психологиялық жағдай жасайды. Мақаланың мақсатына 2011 және 2015 жылдардағы президенттік сайлау науқандарындағы Қазақстандағы саяси жарнаманың дамуы мен оның ерекшеліктерін салыстырмалы талдау жатады.

Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы Президентігіне үміткер, тікелей саяси жарнама, сайлауалды науқан, жанама саяси жарнама, әлеуметтік желілер.