ДІНТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

КАЗАНСКИЙ УЧЕНЫЙ МУХАММЕД АБДУЛКАРИМ И ТУРЕЦКИЙ ФИЛОСОФ ХИЛЬМИ ЗИЯ УЛЬКЕН

Том 74 № 2 (2021), ДІНТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 74 № 2 (2021)
2021-06-25

Аңдатпа

Мақалада Қазан ғалымы Дамулла Мұхаммед Абдулкарим Хазрет пен оның шөбересі Хилми Зия Улкеннің шығармашылығы мен қызметі қарастырылады. Дамулла Мұхаммед Абдулкарим Хазірет 19 ғасырда Қазан қаласында діни қайраткер және діни қызметкер (мударрис) ретінде танымал болған. Мұнда Мұхаммед Абдулкарим мен әйгілі заманауи мұсылман теологы және шығыстанушы Шигабутдин Марджанидің көзқарастарының діни көзқарастары тұрғысынан айырмашылықтары көрсетілген. Мақалада жүйелі тәсіл пен тарихи зерттеу әдісіне негізделе отырып, уақыт талабы мен оқиғалардың әсерінен туындаған келіспеушіліктердің себептері қарастырылды, осы себептен Ш.Маржани консервативті ғалым Мұхаммед Абдулкаримнің идеяларына реформаторлық көзқарастарын білдірген болатын. Сонымен қатар мақалада, Қазан ғалымдарының XIX ғасырда Осман мемлекетімен қарым-қатынаста болғандығы және 1863 жылы Мұхаммед Абдулкаримнің отбасымен бірге Стамбулға қоныс аударғандығы баяндалған. Сол кездегі құжаттарда көрсетілгендей, Стамбулға көшкеннен кейін Осман мемлекеті оған және оның отбасының жеті мүшесіне жалақы төледі. Бұл құжатта Мұхаммед Абдулкарим ғұламалардың ғалымы және ізгі істерді жасаушы ретінде көрсеиілген. Мақалада Дамулла Мұхаммед Абдулкарим хазіреттің немересі - Мусфика ханым (1881-1978) Хилми Зия Үлкеннің анасы болғандығы айтылады. Хильми Зия Улькен (1901-1974) өз шығармашылығымен Түркиядағы ғылым саласы мен философияның дамуына үлкен үлес қосты. Зерттеу жұмысында Хилми Зия Улкеннің бай шығармашылық мұрасы зерттеліп, ғалымның шығыс философиясының тарихы, әсіресе, дін туралы зерттеулері келтірілген. Мақалада ойшылдың Құранды барлық мұсылмандардың, әсіресе Таяу және Орталық Шығыс елдерінде тұратын түркі халықтарының идеологиясы үшін қасиетті және өмірлік маңызы бар құнды дерек көзі ретінде ұсынғаны айтылады. Хильми Зия Улькен адамзат діндерінің пайда болуын революциялық оқиға ретінде қарастырып, бұл діндер адамзатты рухани көтерілуге және жетілдіруге жетелейтінін көрсетті. Зерттеуде өзінің үлкен атасы, ғылымның әр түрлі салаларындағы еңбектерімен танымал болған, Қазан діни қызметкері Дамулла Мұхаммед Абдулкарим Хазрет сияқты Хилми Зия Үлкеннің де шығармашылығында діни-философиялық мәселелер маңызды рөл атқарғандығы айтылған.

Түйін сөздер: Мұхаммед Абдулкарим, Хильми Зия Улькен, Қазан