РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ

AL-FARABI’S PHILOSOPHY OF MUSIC

Том 74 № 2 (2021), РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ
Том 74 № 2 (2021)
2021-06-25

Аңдатпа

         Ғалымдар музыканың адам психикасына, жан туралы білім, ғылым, метафизика және сфераларға әсерін қарастыруды ұсынады. Біз осы мәселе жөніндегі пікірталас орталығында зерттеушілер музыканың эмоцияны қалай тудыратынына назар аудармайды деген болжам жасаймыз. Қазіргі дәуірде осы мәселе жөнінде қалам тартушылардың көпшілігі өзекті мәселе екенімен келіседі. Қазіргі зерттеушілер музыканың адам бойында күшті эмоционалды реакциялар тудыратындығына ғылыми түсініктеме беруге тырысады. Біз зерттеу барысында 9-10 ғасырлардағы алтын ғасыр болып саналатын ислам мәдениетіне жүгіну арқылы бүгінгі сұрақтарға жауап іздейміз. Біздің мақсатымыз – музыканың адам жанына әсері туралы мәселесіне қазіргі зерттеушілердің көзқарастарына жол салу. Бұл мақалада Екінші Ұстаздың космологияға және түрлі ғылымдардың аспан денелерін зерттеу барысындағы әдісіне ерекше назар аударылады. Әл-Фарабидің түпнұсқалық еңбектерімен жұмыс сол ғасырдағы грек мұрасы мен араб интеллектуалды климаты тұрғысынан қарастыруға көмектеседі, авторлар оның ғылыми әдіс тұжырымдамаларын анықтап, ғылыми практика мен теорияның
байланысын көрсетеді. Философия мен астрономия тарихына пәнаралық көзқарас арқылы әл-Фарабидің музыка философиясы физика, метафизика және астрономияға өз үлесін қосады. Мақалада әл-Фарабидің Птоломей астрономиясын қолданудан туындайтын инновациялық, философиялық музыкалық идеялардың тұжырымдамасы
келтірілген. Зерттеудің негізгі тақырыбы бір-бірін толықтырып тұратын аристотельдік және неоплатондық теорияларды тұтастық тәсілі арқылы қарастыру. Осы көзқарас музыканы белгілі бір мәдениеттің немесе жағдайдың шеңберінде кеңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл мақалада «Музыканың үлкен кітабы» әмбебап әдістерді қолдана отырып музыканың барлық алуан түрлілігін қамтитын музыка құбылысының анықтамасы тұрғысынан қарастырылады. Музыка – адамның өзін-өзі жетілдірудегі маңызды және
ажырамас өлшемі болып табылады.
Түйін сөздер: әл-Фараби, адам, ғалам, ғылыми әдіс, музыка, дыбыс.