РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ

АБАЙ О ЦЕЛОСТНОМ ЧЕЛОВЕКЕ: ЕДИНСТВО ИСТИНЫ, ДОБРА И КРАСОТЫ

Том 74 № 2 (2021), РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ
Том 74 № 2 (2021)
2021-06-25

Аңдатпа

Қазақ философиясы этика, эстетика және сонымен бірге метафизиканы қамти отырып, әдемі және тақуалық өмір туралы ілімді қалыптастыру сияқты үлкен миссияны орындайды.

Абай Құнанбаев қазақ мәдениетінің рухын таныта отырып, сонымен қатар өзінің туған халқының өмірі мен тағдырын анықтайтын жаңа құндылық парадигмасын жасайды.

Кемеңгер ойшыл өзгерген Шығыс пен қайта пайымдалған Батысты, жүрек ақылы мен ар-ұжданды ақыл сенімнің басшылығымен байланыстырады. 

Осы пайымдаулар арқылы ол «біртұтас адам» философиясының мәнін ашады: надандықты, жалқаулықты, дүниеқоңыздықты, қызғанышты жеңу, білімді игеру, еңбекті толыққанды өмірдің шарты ретінде түсіну, ойлау, жақсылық жасау және сұлулықты көру қабілеттерін дамыту. Бұл қазақ халқының әлемдік тарих кеңістігіне бастайтын жолы, болмыстың рухани мағыналарын түсіну және жоғары адамгершілік құндылықтарды растауда басқа халықтарға үлгі болу міндеті тұр.

Түйін сөздер: қазақ философиясы, этика, эстетика, метафизика, адам, сенім, ақиқат, жақсылық, махаббат, сұлулық, әділеттілік