ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

КРИТИЧЕСКОЕ МЫШЛЕНИЕ И ИННОВАЦИИ: ПЕРСПЕКТИВА ИСЛАМСКОЙ ФИЛОСОФИИ

Том 73 № 1 (2021), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 73 № 1 (2021)
2021-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада қазіргі және болашақ қоғамға қауіп төндіретін сын-қатерлерге жауап беру алатын жаңа ұрпақты даярлаудағы сыни және шығармашылық ойлаудың рөлі қарастырылды. Бұл әдістердің өзектілігі адам­зат үнемі өзгермелі және бір-бірімен тығыз байланысты жаһандық әлемде өмір сүруімен негізделеді, сондықтан климаттың өзгеруі, көші-қон, халықаралық терроризм, қаржылық дағдарыстар, кедейлік, әділетсіздік пен теңсіздік жал­пы әлем қауымдастығына қауіп төндіреді. Авторлар бұл мәселелерді шешу үшін жаңа шешімдер мен баламаларды ұсынатын, жаңа ұрпақтың сыни ойлау қабілеттерін дамыту арқылы жүзеге асатынын алға тартады. Мақалада Құран мен Пайғамбардың Сүннеті классикалық ислам мұрасында сыни ойлаудың қайнар көзі болғандығы жөнінде, Ислам философиясының даму келешегі аясын­да үлгілі өмір мен әл-Ғазалидің ілімдерінде сыни және шығармашылық ойлаудың негізгі ұғымдарын анықтайды, маңызды ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

Түйін сөздер: сыни ойлау, инновациялар, ислам, жоғары білім, көшбасшы- лық, әл-Ғазали.