PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ ЭКОТЕОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Нөмір 24 № 4 (2026), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Нөмір 24 № 4 (2026)
2026-10-30

Авторлар

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – қазақ философиясындағы исламдық экотеологияның негіздерін анықтау. Авторлар экологиялық дағдарысты техникалық немесе экономикалық мәселе ғана емес, адамның табиғатқа, өз болмысына және Жаратушыға қатынасын айқындайтын дүниетаным дағдарысы ретінде қарастырады. Зерттеудің теориялық негізін исламдық экотеологияның таухид, халифа, аманат, мизан және аят ұғымдарына құрылған тұжырымдамасы құрайды. Жұмыста герменевтикалық және салыстырмалы-философиялық әдістер, сондай-ақ дәстүрлі мәтіндерді қайта пайымдау тәсілі қолданылды. Аталған тұжырымдама Матуриди ілімімен, әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи идеяларымен, Абай Құнанбайұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни-философиялық мұрасымен салыстырылды. Зерттеу нәтижесінде үш тұжырым жасалды. Біріншіден, Матуридидің хикмет, адамның ерікті таңдауы мен жауапкершілігі туралы ілімі экологиялық этиканың кәламдық негізі бола алады. Екіншіден, Абайдың жаратылысты ақылмен тану, махаббат пен әділет және «толық адам» туралы ойлары табиғатты Жаратушының белгісі деп түсінетін экотеологиялық көзқараспен үндес. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жерді келер ұрпаққа аманат ретінде түсінуі және халықтық тыйымдар мен обал, сауап, кие ұғымдары исламдағы аманат пен ысырапқа тыйым салу қағидаларының тарихи тәжірибе мен тұрмыстағы көрінісі болып табылады. Зерттеудің жаңалығы – қазақ философиясының исламдық экотеологияныңәлі жеткілікті зерттелмеген өңірлік дереккөзі ретінде қарастырылуында.

Түйін сөздер: қазақ философиясы, исламдық экотеология, экологиялық этика, Матуриди ілімі, түркі-қазақ философиялық дәстүрі.