PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
АБАЙТАНУ: ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТҮСІНДІРМЕЛЕР

ТОЛЫҚ ПЕН БОСТЫҚ: АБАЙ ТҮСІНІГІНДЕГІ ТОЛЫҚ АДАМ БЕЙНЕСІНІҢ ПАРАДОКСАЛДЫ СИПАТЫ

Нөмір 24 № 3 (2026), АБАЙТАНУ: ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТҮСІНДІРМЕЛЕР
Нөмір 24 № 3 (2026)
2026-09-30

Авторлар

  • Ерсұлтан Әлайдар Әзірет Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы
  • Бибігүл Иманбекова Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті https://orcid.org/0000-0002-7727-2982

Аңдатпа

 

Бұл жұмыста Абайдың «толық адам» түсінігі бұған дейін назар аударылмаған мәселелер негізінде жаңа қырынан қолға алынады. Бұдан бұрынғы зерттеулерде «толық адам» ұғымы көбінесе тек метафизикалық сипаттағы абстрактілі ұғым ретінде пайымдалса, аталмыш мақалада оның метафизикалық сипатына қоса тарихи қырларына екпін беріледі. Осы бағытта ұғымдардың метафизикалық мағыналарынан бұрын, ең әуелі олардың нақты мағыналары негізге алынып, 
философиялық талдаулар жасалады. Сондай-ақ, бұл ұғымдардың мағыналық өрісін қалыптастырған таным түрлерінің ерекшеліктері мен ұстанымдары да айқындалып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар салыстырмалы түрде қарастырылады. Аталған талдаулар негізінде Абай дүниетанымының қандай тұрғыда қалыптасқаны, оның метафизикалық және позитивистік танымдардан қай қырларымен ерекшеленетіні жан-жақты пайымдалады. Нәтижесінде, бір жағынан, Абай ұсынған жолдың қандай дүниетанымға сүйенетіні айқындалса, екінші жағынан, оның түсінігіндегі толық адам бейнесі барынша нақтылана түседі. Ең бастысы – 
толық адамның біздің ойлағанымыздай «толған», «кемеліне келген», яғни, белгілі бір мақсатқа жеткен адам емес, қайта үнемі ізденіс үстіндегі, «толмаған», «бос»,  яғни, үздіксіз жол үстіндегі адамды білдіретіні дәлелденеді. Соның нәтижесінде оқырман Абай негіздеген «толық адам» түсінігінің метафизикалық түсініктегі «камил инсаннан» да, позитивистік бағыттағы «білімді адам» моделінен де айқын 
айырмашылығын аңғара бастайды. 
Түйін сөздер: Абай, толық адам, камил инсан, дүниетаным, метафизика, позитивизм, 
дүние, тұрғы.