DOI:
Мақалада әлеуметтік-философиялық тұрғыдан футбол саласындағы ұлттық жетістіктердің мемлекеттің халықаралық имиджі мен туристік дестинациясының бірегейлігінің трансформациясына ықпалы талданады. Зерттеу Бенедикт Андерсонның «елестетілген қауымдастық» тұжырымдамасына, Стюарт Холлдың бірегейлікті әлеуметтік конструкция ретінде түсінуіне, Джозеф Найдың «жұмсақ күш» теориясына және Мануэль Кастельстің желілік қоғам теориясына сүйене отырып, спорттық жетістік, ұлттық бірегейлік, халықаралық имидж және туристік дестинацияның бірегейлігі арасындағы өзара байланысты біртұтас тұжырымдамалық модель аясында негіздеуді мақсат етеді. Эмпирикалық негіз ретінде Өзбекстан ұлттық футбол құрамасының 2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионатына жолдама алуы және осы тарихи оқиғаның халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мен туризм саласында туғызған кең қоғамдық резонансы қарастырылады. Зерттеу әлеуметтік-философиялық талдау, салыстырмалы талдау, дискурстық және контент-талдау, сондай-ақ тұжырымдамалық модельдеу әдістері арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелері футболдағы табыс тек спорттық жетістік қана емес, сонымен қатар ұлттық мақтаныш пен әлеуметтік тұтастықты нығайтатын, мемлекеттің жаһандық цифрлық ақпараттық кеңістіктегі көрінуін кеңейтетін және елдің туристік дестинация ретіндегі тартымдылығын арттыратын кешенді әлеуметтік-философиялық механизм екенін көрсетеді. Мақалада ұсынылған бес кезеңді тұжырымдамалық модель спорт, ұлттық бірегейлік, халықаралық имидж және туристік дестинация брендингі арасындағы өзара байланысты одан әрі эмпирикалық зерттеуге теориялық негіз бола алады.
Түйін сөздер: футболдағы жетістік, ұлттық бірегейлік, жұмсақ күш, спорт дипломатиясы, халықаралық имидж, туристік дестинацияның бірегейлігі, Өзбекстан.