PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСТАРЫН БАТЫС ЗЕРТТЕУ ДӘСТҮРІНДЕ: ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАРДЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Нөмір 25 № 2 (2026), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
Нөмір 25 № 2 (2026)
2026-06-30

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабинің діни көзқарастары батыс зерттеушілік дәстүр аясында қарастырылады, сондай-ақ оның іліміндегі философия мен діннің арақатынасына қатысты интерпретациялардың бірізді еместігі мен қайшылықтылығы мәселесі талданады. Негізгі назар осы мәселені түсіндірудегі түрлі тәсілдерді талдауға және олардың әдіснамалық негіздерін анықтауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты - қазіргі шетелдік зерттеушілер еңбектеріндегі әл-Фарабидің діни көзқарастарының интерпретацияларын жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау. Мақалада Лео Штраус, Мухсин Махди, Джошуа Паренс, Чарльз Э. Баттерворт, Питер Адамсон, Ричард Вальцер және Терез-Анн Друар еңбектеріндегі тәсілдер қарастырылады, онда діни проблематика саяси-философиялық, эпистемологиялық және метафизикалық контексттерде талданады. Ерекше назар Димитри Гутас ұсынған әдіснамалық тәсілге аударылады, ол интерпретациялық перспективаны сыни тұрғыдан қайта қарастыруды ұсынып, әл-Фараби философиясын грек-араб зияткерлік дәстүрі аясында қарастырудың қажеттілігін негіздейді. Зерттеу нәтижесінде интерпретациялардағы айырмашылықтарға қарамастан, көптеген зерттеушілер әл-Фараби жүйесінде философия мен діннің тығыз байланысын мойындайтыны анықталды. Сонымен қатар мақалада дінді философиялық білімнің туындысы ретінде ғана қарастыру әл-Фараби ілімінің ерекшелігін толық ашпайтыны негізделеді. Әл-Фарабидің діни концепциясының көпдеңгейлі сипаты және қазіргі историографияда оны түсіндіруде бірыңғай көзқарастың жоқтығы туралы қорытынды жасалады.

Түйін сөздер: әл-Фараби; діни көзқарастар; ислам философиясы; философия және дін; батыс историографиясы; интерпретациялық тәсілдер.