PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ

ЗАР ЗАМАН ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӨЗГЕРІСІ: ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҚАЙШЫЛЫҒЫ

Нөмір 25 № 2 (2026), ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ
Нөмір 25 № 2 (2026)
2026-06-30

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының рухани тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – Зар заман дәуіріндегі құндылықтық өзгерістер философиялық тұрғыдан кешенді талданады. Бұл кезең қазақ қоғамының дәстүрлі дүниетанымдық жүйесі терең дағдарысқа ұшырап, тарихи-мәдени бағдарлардың қайта құрылу үдерісі жүріп жатқан уақыт ретінде сипатталады. Зар заман дәуірі ұлттық сананың күйзеліс пен жаңғыру, дәстүр мен жаңашылдық арасындағы күрделі шекаралық жағдайда тұрған тарихи-рухани кезеңін білдіреді. Зерттеу аясында дәстүрлі көшпелі қоғамның рухани-адамгершілік негіздерінің әлсіреуі, қоғамдық қатынастардың өзгеруі және сыртқы өркениеттік ықпалдардың күшеюі нәтижесінде қалыптасқан жаңа құндылықтық бағдарлар сарапталады. Осы үдерістер барысында қоғамдағы бұрынғы аксиологиялық жүйенің тұрақтылығы бұзылып, оның орнына жаңа әлеуметтік-мәдени нормалар мен дүниетанымдық ұстанымдардың қалыптаса бастағаны байқалады. Бұл құбылыс өз кезегінде дәстүрлі мәдениет пен жаңашыл өркениеттік ықпалдардың тоғысуынан туындаған құндылықтық қайшылықтар мен дүниетанымдық дағдарыстарды айқын көрсетеді. Мақалада Зар заман ақындарының шығармашылығы қоғамдық сананың осы тарихи күйін бейнелейтін маңызды рухани дереккөз ретінде қарастырылады. Ақындардың поэзиясында адам, қоғам және заман арасындағы өзара қатынастардың күрделенуі, тарихи уақыттың өзгеруімен байланысты рухани күйзеліс пен құндылықтық бағдарлардың дағдарысы философиялық тұрғыдан бейнеленеді. Осы арқылы Зар заман поэзиясы белгілі бір әдеби бағыт қана емес, қоғамдағы тарихи өзгерістердің мәнін түсіндіретін дүниетанымдық рефлексияның ерекше формасы ретінде пайымдалады.

Түйін сөздер: Зар заман, құндылықтар қақтығысы, дүниетаным, ұлттық сана, рухани күйзеліс, заман.