DOI:
Қазіргі қазақстандық қоғам жеке тұлғаның қалыптасуында елеулі өзгерістерді көрсететін бірқатар факторлармен сипатталады. Солардың бірі - көпқырлы бірегейлік факторы, ол тұлғаның өзін-өзі айқындау үдерісін де, қоғамдағы рухани қалыптасу мен дамудың әлеуметтік үдерістерін де айқындайтын маңызды құбылыс болып табылады. Көпқырлы бірегейлік қоғамдық және тұлғалық өзара әрекеттестіктің динамикасын айқындап, іргелі қағидаттар икемді сипатқа ие болатын әлеуметтік-мәдени кеңістікті қалыптастырады. Бұл үдеріс бір жағынан тұлғаның неғұрлым кемелденген дамуына қолайлы жағдай туғызса, екінші жағынан тұлғалық деструкция қаупін күшейтіп, тұрақты әрі интеграцияланған бірегейлену жүйесін қалыптастыру қабілетінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдай тек жеке индивид үшін ғана емес, тұтастай алғанда қоғам үшін де өзекті мәселеге айналады. Аталған мақала көпқырлы бірегейлік тұжырымдамалары мен қазақстандық қоғамдағы бірегейлену үдерістерін талдауға арналған. Көпмәдениеттілік сипатымен және әртүрлі тарихи, саяси, мәдени әрі идеологиялық концепттер аясында өмір сүру тәжірибесімен ерекшеленетін қазақстандық қоғам көпқырлы бірегейлікті зерделеудің өзекті әрі маңызды зерттеу алаңы ретінде қарастырылады.
Түйін сөздер: бірегейлік, тұлғаның бірегейленуі, көпқырлы бірегейлік, қазақстандық қоғам, құндылықтар.
-