PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
БІРЕГЕЙЛІК ФИЛОСОФИЯСЫ

КӨПҚЫРЛЫ БІРЕГЕЙЛІК ҚҰБЫЛЫСЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Нөмір 24 № 1(93) (2026), БІРЕГЕЙЛІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Нөмір 24 № 1(93) (2026)
2026-03-30

Авторлар

  • Серік Нұрмұратов ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Гаухар Барлыбаева ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Асылтай Тасболат ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Жазира Рахметова ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Аңдатпа

Ғылыми мақаланың авторлары көпқырлы бірегейлік құбылысын философиялық зерттеудің әдіснамалық, онтологиялық аспектілерін қарастырады. Мақалада бірегейлік тұжырымдамасына қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың көзқарастары талданады. Зерттеу барысында авторлар пәнаралық тәсілді қолдана отырып, цифрландыру дәуіріндегі қоғамда туындайтын үдерістердегі өзгерістерді, дәстүрлі және техногендік идеалдар арасындағы қайшылықтардың пайда болу кезеңін, сондай-ақ көпқырлы бірегейліктен туындайтын жаңа саяси, дүниетанымдық және мәдени нормалардың модельдерін қарастырады. Көпқырлы бірегейлік - бұл «меннің» біртұтас, тұрақты әрі қайшылықсыз орталыққа шоғырланбай, керісінше өзін түсінудің әртүрлі, кейде өзара қиылысып, кейде өзара қайшылыққа түсетін тәсілдерінің жиынтығы ретінде өмір сүретін субъект күйін сипаттайтын философиялық ұғым. Философиялық тұрғыдан алғанда, бұл бірегейліктер міндетті түрде үйлесімді тұтастыққа біріге бермейді: олардың арасында шиеленістер мен үзілістер болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар экзистенциалдық тұрақсыздық ретінде сезіледі, алайда сонымен қатар еркіндік кеңістігін де ашады.

Түйін сөздер: адам, құбылыс, әдіснама, көпқырлы бірегейлік, әлеуметтік трансформация, дүниетаным, мәдениет, цифрландыру, фрагментация, гибридтік шындық