PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
КАЗАХСКАЯ ФИЛОСОФИЯ В ПОТОКЕ ИСТОРИИ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ЖАЙЛЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Том 89 № 4 (2025), КАЗАХСКАЯ ФИЛОСОФИЯ В ПОТОКЕ ИСТОРИИ
Том 89 № 4 (2025)
2025-11-14

Автор(и)

  • Адилет Нысанбаев С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті

Анотація

Мақалада қазақ мемлекеттілігі туралы мәселенің философиялық мазмұнын, оның қалыптасу, даму ерекшеліктерін Алаш қайраткерлерінің шығармашылығы арқылы ашып көрсетуге талпыныстар жасалынған. Философия тарихындағы мемлекет және оның басқару үлгілері туралы ұғым, түсініктерге шолулар жасалады. Мемлекеттің түпкі мәні және оны басқару үлгілері барлық өркениеттер мен мәдениеттер үшін бірдей екендігі тұжырымдалады. Қазақтың өзін-өзі тануына, алдыңғы қатарлы елдер қатарына енуіне жол ашатын қайнарлар қатарындағы алаш қайраткерлерінің саяси-философиялық ойларының әлеуеті ашып көрсетілген. Әлихан Бөкейхан ғылыми зерттеулерінің  қазақтың философиялық ой жүйесі  өрісін кеңейтудегі рөлі айқындалады.

Түйін сөздер: мемлекет,  қазақ мемлекеттілігі, автономия, басқару формалары, билік, демократия, демократиялық республика, тәуелсіздік, еркіндік.