KAZAKH PHILOSOPHY IN THE STREAM OF HISTORY

ТӘҢІРШІЛДІК, ШАМАНИЗМ ЖӘНЕ БАСҚА ДА СЕНІМДЕР ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ЕРКІНДІК ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Vol. 72 No. 4 (2020), KAZAKH PHILOSOPHY IN THE STREAM OF HISTORY
Vol. 72 No. 4 (2020)
2023-03-03

Authors

  • Гульнар Ингебаевна Нусипова
  • Амрекул Ергешбаевич Абуов

How to Cite

Нусипова, Г. И., & Абуов, А. Е. (2023). ТӘҢІРШІЛДІК, ШАМАНИЗМ ЖӘНЕ БАСҚА ДА СЕНІМДЕР ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ЕРКІНДІК ТҮСІНІКТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Al-Farabi, 72(4), 100–112. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5911.09

Abstract

Дін тарихын білмей белгілі бір аймақта тұратын халықтардың өмірін терең түсіну мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын түсіну, діни жүйелерді зерттеу маңызды. Ежелгі Қазақстан жеріндегі сенімдер тәңіршілдіктен бастап, исламның келуіне дейінгі кезеңді қамтиды, бұл көптеген діни ілімдер Тәңірге табыну, Жер-Су, Ұмай, Митраға табыну, шамандық пен пұтқа табынушылық, буддизм, манихейлік, несториандық ағымдағы христиандық, зороастризм концепциялары тарала отырып, олар белгілі бір аспектілерде этика мен мәдениеттің негізін құрады және осы уақытқа дейін біздің дүниетанымымызда сақталып қалды. Дін ежелгі руханияттың ажырамас бөлігі екенін ескерсек, өткен тарихта мәдениет пен өркениеттің барлық салаларын қамтыды. Олар халықтың салт-дәстүрлерінде, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсініп, қабылдануында сақталады. Сондай ақ, діни көзқараста еркіндіктің абсолютті бастауы – Құдай болғандықтан, адам өз еркін Құдайға бағындырса, онда ол жоғары еркіндікке ие болады.

Түйін сөздер: дін, Тәңірі, тәңіршілдік, түркі, еркіндік, шамандық, дәстүр, наным-сенім, руханилық.