DOI:
Елімізде хакім Абай дүниетанымын зерделеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатырылса да, хакімнің дүниетанымындағы құт білімі алғаш назарға ілініп отыр. Соған сәйкес хакімнің өлеңдері мен қара сөздері құт білімі түрғысынан сараланады. Оның ішінде ойшылдың жиырма екінші және қырық төртінші қара сөздерінде кездесетін «құттылар», «құттанып», «құт-береке» ұғымдарының қолданыс мәнін ашуға талпыныс жасалады.
Зерттеуші құт біліміне жалпылама шолу жасай келе, хакім Абайдың бес асыл ісі: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды құт білімінің өлшемдері деп танылады. Сондай – ақ, адамшылық құндылықтары мен кісілік қалыптарды сақтауда құт білімінің кісендері, кісілік кәмалат білімінің құндылығы баяндалады.
Автор хакім Абайдың рухани мұрасын құт білімі деп қабылдау қажеттілігін сөз етіп, оның ұлттық руханиятқа, еліміздің кемелді өсіп-өнуіне берері мол екендігіне тоқталады.
Осы мәселені шешуде ізденуші герменевтика тұғырынан зерттеудің қажеттілігін негіздейді.
Түйін сөздер: құт білімі, толық адам, иман, кісілік, талап, еңбек, қанағат, рақым, әділет, жәуанмәрттілік.