PHILOSOPHY IN THE PRESENT AND HISTORICAL RETROSPECTIVE

ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ИДЕЯСЫ

Vol. 72 No. 4 (2020), PHILOSOPHY IN THE PRESENT AND HISTORICAL RETROSPECTIVE
Vol. 72 No. 4 (2020)
2023-03-03

Authors

  • Гульжихан Жумабаевна Нурышева
  • Бану Станбековна Калдаева

How to Cite

Нурышева, Г. Ж., & Калдаева, Б. С. (2023). ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ИДЕЯСЫ. Al-Farabi, 72(4), 50–61. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5911.05

Abstract

Мақалада ежелгі Грекияның философиялық дүниетаны-мындағы гендерлік теңдік идеясына тарихи-философиялық талдау жасалады. Антикалық кезеңдегі гендерлік қатынастардың қалыптасуының реті анықталады. Пифагор, Сократ, Платон, Аристотельдің концепциялары сыни талдауға түседі. Зерттеуде сол кезеңдегі негізгі философиялық дәстүрлер белгіленеді. Махаббат, достық, рухани бірлік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Антикалықтың классикалық кезеңіндегі әйелдердің жағдайы қарастырылады. Аристотельдің таптық және гендерлік құлдықты идеологиялық ақтауы, Платонның табиғатынан әйел мен еркектің теңдік идеясы және утопиялық әділ мемлекетте әйелдің рөлі жобасы талданады. Гендерлік теңдік идеясының әлеуметтік-мәдени және тарихи-генетикалық қайнар көздері анықталады. Әйелдердің (Сапфо, Теано, Гипатия және тағы басқалардың) мәдени шығармашылық қызметінің рөлі ашылады. Әлеуметтік қатынастарда әйел адамдарға қарағанда ер адамдардың үстемдігі идеясының басымдылығы туралы қорытынды жасалады.

Түйін сөздер: грек философиясы, гендерлік құлдық, гендерлік теңдік идеясы, әйел табиғаты, платондық әлеуметтік утопия.