PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
РЕЛИГИЯ В СОЦИОКУЛЬТУРНЫХ КОНТЕКСТАХ СОВРЕМЕННОСТИ

ДІНИ ТРАНСФОРМАЦИЯ ФИЛОСОФИЯСЫ: «ҚОРҚЫНЫШТАН» ҚИЯНАТСЫЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ ӨТУ

Том 89 № 2 (2025), РЕЛИГИЯ В СОЦИОКУЛЬТУРНЫХ КОНТЕКСТАХ СОВРЕМЕННОСТИ
Том 89 № 2 (2025)
2025-06-30

Автор(и)

  • Жабайхан Әбділдин Л.Н.Гумилев атындағы Еуразий ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0002-2862-0773
  • Толғанай Мутсафина Л.Н.Гумилев атындағы Еуразий ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-1314-9686

Анотація

Мақалада діннің қоғамдағы рөлі заманауи призма тұрғысынан бағамдалып, көптеген әлем елдері мен нақты Қазақстан үшін өзекті болып тұрған діни радикализация мәселесі философиялық тұрғыда зерделенеді. Діни фактордың трансформациясы «декультурация», «виртуалды умма» (Оливье Руа), діннің фобиялармен байланыстылығы «ағымдық қорқыныш» (liquid fear) (Зигмунд Бауман), материалдық құндылықтар, техногенді доминанттар үстем ететін әлемде рухани мәндерге мұқтаж болу ізденісі «имманентті фрейм» (Чарльз Тейлор) концепттері тұрғысынан зерделенді.

Зерттеу фокусы діни радикализациямен күресте қатаң қадағалау, бақылау әдістерінен қиянатсыз әдіс-тәсілдерге трансформациялану мүмкіндіктеріне қойылған. Бұл арада қазақстандық тәжірибе мен салыстырмалы тұрғыда әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыған, зайырлы, мұсылмандар үлесі көп мемлекеттер ретінде индонезиялық, малайзиялық тәжірибе мысалдары қарастырылды.

Көтерілген мәселелерді бағамдай келе, еліміздегі діни ахуал зерделеніп, Қазақстанның діни радикализациямен күрестегі тәжірибесі негізге алынып, алдағы кезде бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерлетуге қатысты ой-пікірлер білдірілді.

Түйін сөздер: діни ахуал, ислам, қоғам, трансформация, шетелдік тәжірибе, Қазақстан.