ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕР МЕН ҰЛТ МҮДДЕСІ

ҚЫТАЙДЫҢ ШЫНЖАҢДАҒЫ ЭТНИКАЛЫҚ АЗШЫЛЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ САЯСАТЫ: ТАРИХИ-ДӘСТҮРІ МЕН БҮГІНГІ ЕРЕКШЕЛІГІ

Том 83 № 3 (2023), ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕР МЕН ҰЛТ МҮДДЕСІ
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада Қытайдың этникалық азшылықтарға қатысты саясатының тарихи-дәстүрлі танымдары, ҚКП бүгінгі ұлт саясатының басты ерекшеліктері мен негізгі аспектілері, сондай-ақ Шыңжаң мәселесі қарастырылады. Шыңжаңның стратегиялық мәртебесі мен этникалық толқулардың әлеуеті басқа провинциялық аймақтарға қарағанда қытай билігінің алаңдаушылығының жоғарылауына әкеледі. Бүгінгі күні ресми Бейжің әлемдік қауымдастық тарапынан азшылық құқықтарын қорғай ма және азшылық құқықтарына деген адалдығын қалай орындау керек деген сұраққа тап болып отыр. Қытайлық тарихи-дәстүрлі түсінік бойынша этникалық азшылықтар мен ханьдар арасындағы қайшылық өркениет пен жабайылық арасындағы айырмашылыққа негізделген. Тарихи-дәстүрлі түсінікке сәйкес бұл айырмашылық физикалық ерекшеліктердегі немесе тілдегі айқын «айырмашылықтарға» ғана қатысты емес. Есесіне ол негізінен мінез-құлық құндылықтары мен нормалары бар «мәдени айырмашылықтардан» да көрінеді. Азшылық мәселелерінде «тарихи-дәстүрлі» көзқарастың ерекшеліктері қандай? Мәдени ассимиляциядан этникалық мәселені саясаттандыруға көшуге мәжбүр ететін, Қытайдың этникалық саясатына әсер ететін негізгі факторлар қандай? Қытай билігінің ұғымы мен ұстанымы бойынша, тарихи-дәстүрлі көзқарас азшылық мәселесін тиімді шешу үшін саяси бірлікті, этникалық теңдікті және мәдени әртүрлілікті біріздендіреді деп қарайды.

Түйін сөздер: Бүгінгі Қытай, ұлт саясаты, Қытайдағы азшылықтар, Шынжаң мәселесі, тарихи-дәстүрлі  танымдар, этникалық саясат