РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МОРАЛЬДЫҚ-ЭТИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ БІРЕГЕЙЛІГІ МЕН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Том 83 № 3 (2023), РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АБАЙ
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Авторлар

Аңдатпа

Ғұлама ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайында трактаты», «Бақытқа жету жайында», «Бақытқа жол сілтеу», «Адамгершілік саясат» және т.б. шығармаларындағы әлеуметтік-этикалық мәселелердің тұтастығы, бірегейлігі және ерекшеліктері қарастырылды. Ғалым ғылыми еңбектерінде әлеуметтік-этикалық мәселелерге ғылыми талдау  жасай отырып, ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып,  кемеліне жету мен бақытқа жетудің жолдары мен  шарттары туралы қасиеттерді философиялық тұрғыдан пайымдаған. Зерттеудің мақсаты және міндеттері -Әл-Фарабидің моральдық-этикалық  көзқарастарының алғышарттары, қалыптасу тарихы, сипаты және мәнін жан-жақты зерттеу, ерекшеліктерін анықтау. ғалым әл-Фарабидің моральдық-этикалық концепциясының бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігі мәселелерін оның жоғарыда аталған трактаттарының негізінде жүйелі түрде саралау.

Түйінді сөздер: мораль, этика, онтология, болмыс ілімі, қоғам, ізгілік, бақыт, эманация, философия.