ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕР МЕН ҰЛТ МҮДДЕСІ

ТІЛ ИГЕРУДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ:

Том 83 № 3 (2023), ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕР МЕН ҰЛТ МҮДДЕСІ
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Аңдатпа

Соңғы жылдары қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық пен сұраныс арта бастады. Көпшілік іскерлік және күнделікті сөйлесуде қазақ тілін қолдануда. Елдің танымалдығы мен туристік тартымдылығы да артты. Бұл үрдіске ықпал еткен бірқатар себептер бар. Қазақ тілін үйренуге деген сұраныстың артуына байланысты мазмұны жақсы, сапасы жоғары оқу бағдарламалары мен көмекші құралдарға деген қажеттілік туындады.Тілдік білім беру үлгілерінде мәдениет дәстүрлі түрде елеулі орын алды.Заманауи үлгілерде мәдениеттің функционалдық аспектілеріне, әсіресе оның қарым-қатынасты қамтамасыз ету немесе қарым-қатынасты шектеу рөліне көбірек көңіл бөлінуде.Қазақстанға келгісі келушілер саны арта береді деп болжауға болады. Көптеген шетелдік қонақтар Қазақстанның мәдениетімен жақсырақ танысып, қазақша сөйлеуге ынталы екендігі байқалады. Бірақ қажетті қордың болмауына байланысты көбісі олай істей алмайды немесе оны жүзеге асыру өте қиын.Мақалада«Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазақ мәдениеті мен тілін үйренуге арналған, ағылшын тілді аудиторияға бағдарланған оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жобасы аясында 2021 жылдан бастап қазақ тілін оқуға арналған ағылшын тіліндегі материалдарды әзірлеу және жетілдіруге ықпал ететін және ағылшын тілін білетін шетелдіктер үшін де, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін де қазақ тілін үйренуге жақсы жағдай жасауға тырысып, атқарылған бірқатар жұмыстар сарапталады. Жоба аясында жасалған жұмысқа қатысты зерттеубарысы баяндалады.

Түйін сөздер: тіл, мәдениет, ұлттық мәдениет, мәдени сұхбат,шет тілі, тіл игеру, қарым-қатынас.