DOI:
Бұл мақала Қазақстандағы қандастардың қоғамға бейімделу және интеграциялану мәселелерін зерттеуге арналған. Зерттеу – көші-қон саласындағы нормативтік құқықтық актілерді құжаттық талдау нәтижелеріне, БАҚ материалдары мен әлеуметтік желілердегі материалдарға контент-талдау нәтижелеріне негізделген, бұл заңнаманы практикалық қолдануды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жұмыстың маңызды бөлігін Қазақстанның үш облысында: Алматы облысы (Есік қаласы), Шығыс Қазақстан облысы (Шығыс ауылы) және Солтүстік Қазақстан облысында (Сергеевка ауылы) қандастармен әңгіме-өмірбаяндық сұхбат түрінде жүргізілген далалық зерттеулер құрайды. Мақаланың қорытындылары қандастардың қазақ қоғамына интеграциялану процесінде кездесетін негізгі проблемалары мен қиындықтарын көрсетеді және одан әрі зерттеулер мен практикалық ұсыныстарға негіз бола алады.
Түйін сөздер: көші-қон, репатриация, Қазақстанның көші-қон заңнамасы, қандастардың қазақстандық қоғамға интеграциясы, көші-қон мәселелері.