МЕЖНАЦИОНАЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯ. ПОЛИТИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС

Ұлтшылдық ұлттық құрылыстың түрі ретінде

Том 87 № 3 (2024), МЕЖНАЦИОНАЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯ. ПОЛИТИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС
Том 87 № 3 (2024)
2024-09-29

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Насимов, М. ., & Паридинова, Б. (2024). Ұлтшылдық ұлттық құрылыстың түрі ретінде. Аль-Фараби, 87(3), 134–146. https://doi.org/10.48010/2024.3/1999-5911.12
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Бұл мақалада ұлтшылдық ұғымының ұлттық құрылыстың түрі ретінде ғылымда қалыптасқан негізгі көзқарастар талқыланады. Ұлтшылдық ұлттық құрылыс процесінде әлеуетті күш ретінде қызмет атқарады. Ұлтты құру белгілі бір географиялық аумақта бірегейлік, ортақ құндылықтар және біртұтас саяси қауымдастықтың ортақ сезімін дамыту үшін адамдар тобының күш-жігерін білдіреді. Бұл тұрғыда ұлтшылдық идеология және адамдардың белгілі бір ұлтқа қатысты ұжымдық санасы мен лоялдығына ықпал ететін сезімдер жиынтығы ретінде әрекет етеді. Ұлтшылдықтың ұлттық құрылыс процесіне ықпал ететін мәдени бірегейлік, саяси бірлік, әлеуметтік тұтастық, мемлекеттілік пен азаматтық, экономикалық даму және постколониалдық контексттегі ұлттық құрылыс тәсілдері осы зерттеу жұмысының гипотезасын құруға негіз болды. Ұлтшылдық шеңберіндегі бірегейлік пен бірлікті нығайту, саяси жұмылдыру, мемлекеттілік және басқару, экономикалық даму және постколониалдық бірегейліктің ұлттық құрылыс процесіндегі өзектілігі мен сыни көзқарастарына талдау жүргізілді. Зерттеуде ұлтшылдық аясындағы отандық ғалымдардың шетелдік журналдарда жарияланған тұжырымдары жүйеленді. Ұлтшылдықты ұлттық құрылыстың түрі ретінде қарастыру ерекшеліктерін анықтау барысында бірнеше тұжырымдарға саяси талдау жасалды. Зерттеу тәсілдері интеграцияланған және мультиәдістемелік стратегияны көрсетеді. Авторлар диалектикалық, салыстырмалы, құрылымдық-функционалдық, сипаттамалық әдістерге көңіл бөлді.