ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ

ҒҰМАР ҚАРАШ ТОЛҒАНЫСТАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ӘДІЛЕТТІЛІК ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МАҢЫЗЫ

Том 85 № 1 (2024), ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада, алдымен, қазақ дүниетамындағы әділеттілік идеясы мәселесі қойылуының концептуалды негіздеріне шолу жасалады.  Ғұмар Қараштың тарихи әділеттілік туралы идеялары талданады. Оның Қазақ халқының өз алдына жеке мемлекет болуының алғышарттарын көрсеткендігі зерделенеді.  Білім мен еуропалық өркениетке ұмтылу қазақ халқының тарихи әділеттілік орнатуының негізі екендігін толғайтындығы туралыоның  толғауларынан  үзінділер келтіре отырып, оған философиялық талдаулар жасалады. Қазақ халқының бұрынғы тәуелсіз ел болғандығын аңсау толғаулары баяндалады. Сонымен қатар, Ғұмар Қараштың ел бірлігі туралы ойлары мен ана тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселелері тарихи әділеттілікті қайта қалпына келтіру мәселесі ретінде қойылады. Ғұмар Қараштың осындай мәселелері бүгінгі заманмен байланыстыра, салыстырыла қарастырылады және оның өзекті мәселелері талданады. Атап айтқанда, тіл мен дін мәселесі, тәуелсіздікті нығайту  мәселесіндегі тарихи әділеттілікті қайта қалпына келтірудің дискурсы қарастырылады. ХХ ғасыр басындағы қазақ руханияты мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ руханияты салыстырыла көрсетіліп, аударма мәселесі, ғылыми  стильдің қалыптасуы т.б. прогрессивті және прогрессивті емес қырлары ашыла көрсетіледі. 

Түйін сөздер: Ғұмар Қараш, әділеттілік, ұлттық болмыс, тіл, руханият, бірлік, қазақ қоғамы, Алаш идеясы.