ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ІЗГІЛІКТІ ІЛІМІ

Том 75 № 3 (2021), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 75 № 3 (2021)
2021-09-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада әл-Фараби еңбектерінің XXI ғacырдaғы caлмaғын aйқындaй oтырып, оның тағылымы, философиялық, саяси,әлеуметтік-этикалық тұжырымдамаларының қазіргі қоғамдағы маңыздылығы айтылады. Біріншіден, әл-Фарабидің мемлекетті басқару жөніндегі идеологиясының өміршеңдігі зерделенеді. Екіншіден, ғұлама еңбектеріндегі ізгілік, бақыт, біліммен тәрбие теориясының қазіргі қоғамдағы салмағы айшықталып, адамның кемелділікке жетуге деген үздіксіз ұмтылысына, бақытқа кенелуге деген тынымсыз арманына апарар жолдың нұсқаулықтары ғұлама пайымдары арқылы көрсетіледі. Үшіншіден, әл-Фapaби филocoфияcындaғы iзгiлiк құндылықтapының қaлыптacуы мeн дaмуы филocoфиялық диcкуpc тұpғыcынaн тaлдaнды.
Ғұламаның керемет қоғам құру үшін әділеттілікке, адамгершілікке бағытталу тиіс деген пікірі адамзаттың дамып, бақытқа жетуге деген талпынысынан туындайтын ізгі жол екендігі зерделенді. Ізгілікті
қаланың исламдық контекстін ашып көрсетеді. Мақалада ізгілікті қоғам
тұрғындарының хал-жағдайы, қарым-қатынастарының толықтай болуы мұсылмандық діни дүниетаным аясында түсіндіріледі.
Ізгі қоғамды орнатудағы жүрек мәселесінің маңыздылығын айқындап, хакім Абаймен ой сабақтастығы, ой іліктерінің үйлесімділігі көрсетілді.Жүрек терең ойлану, оқиғаларды болжап-саралай алатын, олардың себеебі мен хикметін түйсіну обьектісі бола алатындығы жайлы айтылған. Әл-Фараби шығармасындағы жүрек концептісі алдағы уақытта діни мәтіндермен сабақтастырыла қарастырылатын өз алдына дербес зерттеу тақырыбы екендігі айтылған.
Түйін сөздер: Ізгілік, игілік, жүрек, кемелділік, білім, ғұлама, тәрбие,
қайырымдылық, бақыт.