@article{Аяжан_Динара Мухтаровна_Майра_2021, title={ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ІЗГІЛІКТІК-ЭТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ИДЕАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ}, volume={74}, url={https://alfarabijournal.org/index.php/journal/article/view/573}, DOI={10.48010/2021.2/1999-5911.06}, abstractNote={<p>Мақалада қазақы дүниетанымдағы ізгіліктік-этикалық тәрбие мәселесінің қалыптасуына және оның тарихи дамуына, әлеуметтік-мәдени алғышарттарына философиялық талдау жасалынды. Кез-келген қоғамның рухани жаңғыруы аясында тәрбие идеалының қалыптасуы мен дамуы өзінің өзектілігін жоймайтын, негізгі мәселелердің санатында екендігін ескерген орынды. Идеал – адамның рухани әлемінің өзегі, сана стереотиптеріне қайта баға берудің өлшемі. Идеалды қалыптастыру мәселелері Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари сынды түркі әлемінің ойшылдарының асыл мұраларында көрініс тапқан. Олар өз шығармашылықтарында идеал, ізгілік пен руханияттың мәнін кеңінен ашып көрсетіп берді. Аталмыш мәселені Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев сияқты қазақ ағартушылары да көтеріп, тұлғаның ізгілігі мен идеалының қалыптасуындағы білімнің маңыздылығына аса назар аударған. Ізгілікті тәрбие идеалының ерекшеліктері Шәкәрім, М.Ж. Көпеев, Мағжан Жұмабаевтардың да еңбектерінде әрі қарай айқындалды. Дәстүрлі қазақ мәдениеті өз бойына ғасырлар бойғы рухани тәжірибені жинақтап, ар мен жан тазалығы, абырой, ұлт намысы мен парыз, рух мінсіздігінде негізделіп, моральдық өлшем мен тәрбие тұрғысынан заманауи қазақстандық мәдениетті, қазіргі адамдардың өмірлік тәжірибесін байыта түседі.</p> <p><strong><em>Түйін сөздер:</em></strong> тәрбие, дүниетаным, қазақ мәдениеті, этика, ізгілік, дәстүр, ұлттық болмыс, тәлім, қайырымдылық.</p>}, number={2}, journal={Аль-Фараби}, author={Аяжан, Сағиқызы and Динара Мухтаровна, Жанабаева and Майра, Шуршитбай}, year={2021}, month={июн.} }