ЛИЧНОСТЬ. ДУХОВНОСТЬ И ЦЕННОСТИ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ЖИЗНИ

АДАМ - ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН

Том 81 № 1 (2023), ЛИЧНОСТЬ. ДУХОВНОСТЬ И ЦЕННОСТИ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ЖИЗНИ
Том 81 № 1 (2023)
2023-04-19

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Серікбай, Г., & Иманбекова, Б. (2023). АДАМ - ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН. Аль-Фараби, 81(1), 85–95. вилучено із http://alfarabijournal.org/index.php/journal/article/view/789

Аңдатпа

Адамның мәні әлеуметтік пен биологиялықтың бірлігі негізінде айқындалады. Адам мен қоғамның қарым-қатынасы ғылым мен философияның басты мәселелерінің біріне айналған.  Бұл қарым-қатынас формасы табиғи ортаның эволюциясымен және адам мен қоғамның дамуымен де өзгеріп отырды. Қазіргі таңдағы жаһандану мен қарқынды ғылыми-техникалық прогресс адам мен қоғам байланысына жаңаша сипаттар беруде. Барлық заманда адамды өмірге толық енгізетін қоғам болған, ол оның мінез-құлқын әлеуметтік мазмұнмен толтырады. Адамға тән бірқатар қасиеттер адамның өзі өмір сүретін қоғамдағы мәдени құныдылықтарды игеруінің нәтижесі. Қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты философиялық тұрғыда түсіну, оны жаңаша ашу – қоғамның прогрессивті дамуына, адамзаттың болашағы үшін өзекті мәселеге айналған. Мақалада адам мен қоғам қатынасы жайлы әлеуметтік-этикалық, антропологиялық ойларды талдай отырып адамның әлеуметтік болмысы айқындалған. Әлеуметтену және оның тетіктері мен тәсілдері нақтыланған. Тұлғаның жеке стратегиясын қалыптасырудағы қоғамның және әлеуметтік қатынастардың рөлі зерделенген. 

Түйін сөздер: адам, қоғам, әлеуметтік феномен, тұлға, әлеуметтену.