DOI:
Жаһандану мен мультикультурализм – қоғамымызды түбегейлі өзгертетін өзара байланысты процесстер. Мәдени гетерогенділіктің артуы жағдайында, тиімді мәдениетаралық өзара әрекеттесуге қабілетті жаңа тұлғаны қалыптастырудың өзекті қажеттілігі туындайды. Мәдени әртүрлілікті белсенді қабылдау, басқа мәдениеттерді құрметтеу және диалогқа дайын болу деп түсінілетін толеранттылық, заманауи тұлғаның негізгі қасиетіне айналуда. Жаңа адам икемді ойлауға, эмпатияға, мәдениетаралық құзыреттілікке ие және жаңа тәжірибеге ашық болуы керек. Дегенмен, мұндай сәйкестікті дамыту процесі мәдени стереотиптер, алдын ала көзқарастар және саяси поляризация сияқты бірқатар кедергілерге тап болады. Бұл кедергілерді еңсеру үшін мемлекет, қоғам және білім беру мекемелерінің бірлескен күш-жігері арқылы, мәдениетаралық диалог пен толеранттылықты дамыту үшін жағдай жасау қажет. Өсіп келе жатқан мультикультурализм жағдайында, толеранттылықтың маңыздылығы артып келеді. Осы өзгерістерге сәтті бейімделу үшін, мәдени әртүрліліктің жағымды және жағымсыз жақтарын ажырата білуді үйрену қажет. Білім бұл қабілетті дамытуда басты рөл атқарып, адамның тез өзгеретін әлемде, рухани тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.
Түйін сөздер: мультикультурализм, толеранттылық, әлеуметтікпроцестер, жаһандану.