ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ

СҮЛЕЙМАНИЯ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНАН ШЫҚҚАН ҒҰЛАМАЛАР МҰРАСЫ

Том 87 № 3 (2024), ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ
Том 87 № 3 (2024)
2024-09-29

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Zhamashev, A., Kurmanaliyeva, A., & Yeleussyzbayeva, N. (2024). СҮЛЕЙМАНИЯ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНАН ШЫҚҚАН ҒҰЛАМАЛАР МҰРАСЫ. Аль-Фараби, 87(3), 31–43. https://doi.org/10.48010/2024.3/1999-5911.04

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ жерінен шыққан ғалымдардың Сүлеймания кітапханасында сақталған ғылыми мұрасына шолу жасалады. Сүлеймания кітапханасын таңдауымыздың себебі Түркиядағы қазақ жерінен шыққан ғалымдардың мұралары ең көп жинақталған кітапхана болуымен байланысты. Мақалада кітапхана коллекцияларынан табылған материалдардың ерекшеліктеріне мән беріледі. Сол арқылы мынадай сұрақтарға жауап беріледі: Сүлеймания кітапханасындағы қазақ ғалымдарының еңбектері қай заманда, қандай жерлерде кеңінен таралды? Еңбек жазған авторлармен қатар, мустансихтардың сіңірген еңбегі қаншалықты? Қазақ жерінен шыққан ғалымдардың өмірбаяны мен ғылыми мирасын зерттеу тақырыбы тәуелсіздік алғалы қарқынды жүріп келеді. Бұған дейінгі зерттеулер әдебиет материалдарына негізделсе, бұл зерттеу жұмысының ерекшелігі - библиографиялық деректерге сүйеніп қазақ жерінен шыққан ғұламалар мирасының әлемге танылу динамикасын бақылау, тың есімдер мен шығармаларды анықтау, қате берілген атаулардың дұрысын ұсыну. Зерттеу нәтижелері бұған дейінгі мәліметтерге сыни тұрғыдан қарап, шығармалардың көшірмелерін жеңіл табуға, автор немесе еңбекке қатысты қайшылықты мәліметтердің дұрысын анықтауға көмектеседі.

Түйін сөздер: Сүлеймания кітапханасы, библиографиялық деректер, Фараби, Сығнақи, Женди, Тарази, Кәрдари, Түркістани.