ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАРИХИ САНАСЫ МЕН ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Том 87 № 3 (2024), ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ
Том 87 № 3 (2024)
2024-09-29

Авторлар

  • guldariga Симуканова ЕНУ
  • Карлыгаш Нурмухаметова Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институты https://orcid.org/0000-0002-2408-2923

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Симуканова guldariga, & Нурмухаметова, К. (2024). АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАРИХИ САНАСЫ МЕН ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ. Аль-Фараби, 87(3), 44–56. https://doi.org/10.48010/2024.3/1999-5911.05
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Мақалада көшпелілердің тарихи санасы мен  дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктері Ақселеу Сейдімбектің қазақтың ауызша тарихнамасы мен шежіре дереккөздеріне қатысты ғылыми-танымдық көзқарастары негізінде қарастырылған. Халқымызға тән ауызша тарихнама – тарихи танымның маңызды арналарының бірі. Ежелгі көшпелілерден бастау алатын Жеті ата туралы қағида ұлтымыздың басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Ғасырлар бойы көшпелілер өзіндік ерекше өмір салтын, экожүйеге бейімделген шаруашылық әдістерін, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті қалыптастыра алды. Шаруашылықпен  бірге «адам сапасы» да, оның қабылет күші мен ақыл-парасаты да  өсіп, нығая түсті.

Автордың пікірінше, ауызша тарихнама, шежіре – көшпелілердің өмір салтынан туындаған қажеттілік, ал «Жеті ата» үрдісі көшпелілерді ұлттық қорғаудың тетігі, ұлтымызды біріктіріп, ұлттық болмысымызды қалыптастыратын салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, моральдық-этикалық құндылықтарды сақтаудың бірден-бір жолы. А.Сейдімбек атап көрсеткендей, қазақтың ауызша тарихнамасы мен шежіресі – халқымыздың төл тарихының бір кезеңі. Сондықтан өзіміз де, келер ұрпақ та бұған бейжай қарамауымыз керек.

Түйін сөздер: көшпелілер, ауызша тарихнама, ұлттық таным, Жеті Ата, шежіре, көшпелілер болмысы, тарихи сана, табиғатпен үндестік, көшпелі өмір салты.