САЯСАТ ЖӘНЕ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР

ӘДІЛЕТТІЛІК ҰҒЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ПРИНЦИПІМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Том 84 № 4 (2023), САЯСАТ ЖӘНЕ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР
Том 84 № 4 (2023)
2023-11-09

Аңдатпа

Әділеттілік ұғымы ғылым тарихында ең ескі түсініктердің бірі болып табылады. Ежелгі дәуір филосотардың еңбектеріндегі әділеттілік ұғымы орта ғасыр және жаңа дәуірдегі ойшылдар тарапынан толықтырылып тарихтың әр кезеңінде зерттеу тақырыбы ретінде маңызды орынға ие болды.  Бүгінге дейін бұл ұғым қоғамдық ғылымдар аясында жан-жақты зерттелгенімен  «әділеттілік» түсінігінің ортақ қабылданған нақты анықтамасын беру мүмкін емес. Ғылым тарихында әілеттілік тұжырымдамасы екі бағытта, яғни табиғи құқық негізінде әділеттілік және позитивтік құқық негізінде әділеттілік ретінде зерттелген. Мақалада әділеттілік сөзінің этимологиялық түбірін және бұл ұғымның түрлі тарихи кезеңдерде қандай мазмұнда түсіндірілгенін, сонымен қатар әділеттілік ұғымының құқықық аспектісімен қатар құқықтық мемлекетпен қатынасы да қарастырылады.

Түйін сөздер: әділеттілік, табиғи құқық негізінде әділеттілік, позитивтік құқық негізінде әділеттілік, құқық, құқықтық мемлекет.