ЭТНИКААРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ

ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ КОНТЕКСТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЭТНОСТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

Том 84 № 4 (2023), ЭТНИКААРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ
Том 84 № 4 (2023)
2023-11-09

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғамның этноәлеуметтік құрылымының кейбір аспектілері: этнодемографиялық даму, этникалық топтардың салалық жұмыспен қамтылу ерекшеліктері, сондай-ақ олардың білім деңгейіқарастырылады. Демографиялық факторлар мен өндірістік, әлеуметтік, экономикалық салалардың өзара әрекеттесуінің әртүрлі ғылыми процестерін зерттеуге сүйене отырып, авторлар этнодемографиялық жағдайдың этникалық топтардың әлеуметтік дамуына әсерін дәлелдейді. Еңбек, білім беру, тұрғылықты жер саласындағы әртүрлі этникалық топтардың әлеуметтік ұстанымдарының теңсіздігін талдау статистикалық материалдар негізінде жасалды. Этникалық топтардың белгілі бір әлеуметтік саланы иеленетіні анықталып, оларды шартты түрде аграрлық және индустриялық деп бөлуге болады. Авторлар салалық жұмыспен қамту, тұрғылықты жері, біліміндегі сәйкестіктер мен айырмашылықтарды тіркеді.

Түйін сөздер: этнодемографиялық үдеріс, демографиялық ахуал, этноәлеуметтік құрылым, этникалық топтар, этностар, әлеуметтік ұстанымдар, кәсіптік салалық жұмыспен қамту, білім беру, теңсіздік, көші-қон.