ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

ӘБУ НАСР ӘЛ-ФАРАБИ МЕН ЖҮСІП ХАС ҚАЖЫБ БАЛАСАҒҰН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «БАҚЫТ» МӘСЕЛЕСІ

Том 84 № 4 (2023), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 84 № 4 (2023)
2023-11-09

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада Әбу Наср әл-Фараби мен Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн шығармаларындағы «бақыт» ұғымының мазмұны мен мағынасы қарастырылып, «бақыт» мәселесіне қатысты қос ойшылдың жалпы ой-пікірлері мен тұжырымдары салыстырмалы түрде талданып, олардың пікірлерінің үйлесімділігі мен сабақтастығы жөнінде пайымдаулар жасалады. Зерттеу нәтижесінде «бақыт» мәселесінің әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік-этикалық философиясында негізгі мәселе болғандығы, олардың «бақыт» жөніндегі жалпы және жекелеген философиялық ой-толғамдарының үйлесімділігі мен сабақтастығы айқындалды. Әл-Фараби «ізгі қала» ілімін саяси-моральдық идеал ретінде, ал осы идеалға жету мақсаты ретінде «бақыт» концепциясын ұсынды. Сонымен қатар ұлы ойшылдың іліміне сәйкес «бақыт» адамның түпкі мақсаты болып саналады. Дегенмен, ғұлама бұл дүниедегі және о дүниедегі бақытқа тек ізгі азаматтың ғана қолы жететіндігін ескертті. Авторлар әл-Фарабидің осы пікірлері мен қорытындыларының негізінде Жүсіп Хас Қажыб та «бақыт» концепциясын – ізгілікпен байланыстырып, «бақытқа» жеткізетін жомарттық, адалдық, әділеттілік сияқты бірқатар адамгершілік қасиеттері екені жөніндегі айтқан ой тұжырымдарын айғақтады. Мақаланың маңыздылығы әл-Фараби мен Жүсіп Хас Қажыбтың саяси-әлеуметтік философиясының мәнін терең ашуға, жаңа қырларын анықтауға және олардың «бақыт» жөніндегі идеяларының қазіргі қоғаммен сабақтастығын теориялық-әдіснамалық жағынан анықтауға негіз болары сөзсіз.

Түйін сөздер: әл-Фараби, Жүсіп Хас Қажыб, бақыт, ислам философиясы, түрік
философиясы, «Қайырымды (ізгі) қала», «Құтты білік».