ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ САНАҒА ӘСЕРІ

Том 85 № 1 (2024), ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

  • Айгүл Тайженбетова КазНУ им. аль-Фараби
  • Гүлжихан Нұрышева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті http://orcid.org/0000-0001-6640-8111

Аңдатпа

Өткен ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының ұлттық-демократиялық бағыттағы ой-толғамдары қоғамдық санаға күшті қозғау салған, социумның жоғары деңгейде ұйымдасуына ықпал жасаған алғышарт болатын. Түрлі пікірлер мен көзқарастар, теориялар пайда болып тарап жатқан кезеңде ұлттық мемлекетті құру жолын қарастырған қазақ интеллигенциясының шығармашылық ізденістері қоғамдық санаға тиімді әсер етіп, сол кезеңнің өзінде және болашақта ұлттың қалыптасуына және өзін-өзі айқындауына жол ашты.

Мақалада тоталитарлық режимге қарсылық білдіре отырып ұлттық мемлекеттілікті құруға ұмтылған қазақ интеллигенция өкілдерінің мемлекеттің саяси және мәдени өміріне қатысты толғамдарының идеологиялық қырына философиялық талдаужасалады. Алашорда үкіметінің ұлттық және либералды-демократиялық сипаттағыидеяларының бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы үшін маңыздылығы зор екендігі көрсетіледі.

Саяси шырғалаң кезеңдерде қазақ интеллигенциясының әлеуметтік-философиялық ойлары мен ұстанымдары қоғам үшін басты бағдар болып, ұлттың ортақ құндылықтар төңірегінде топтасуына, мүдделестік рухының қалыптасуына негіз қалады. Cаяси тәуелсіздікті, жер мен елдің бүтіндігі мен ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қазақ елін жаңа саяси-мәдени өзгерістерге бейімдеу оларды ортақ мақсат, ортақ идея жолында біріктірді. Еркіндік, теңдік, бостандық, халықты саяси сауаттандыру, сөз бостандығын, баспасөз бостандығын, адам құқығының және ұлттық құндылықтардың сақталуын, тең мүмкіндіктің берілуін, әйел бостандығын талап ету әрекеттері зиялылар ілімінің идеологиялық бағытының кең ауқымдылығын көрсетеді.

Авторлар қазақ интеллигенциясының әлеуметтік-философиялық идеяларының қоғамдық санаға тигізер ықпалын зерделей отырып, ұлтты біріктірудегі рөлі мен ағартушылық әлеуетін бағамдайды.

Түйін сөздер: қазақ интеллигенциясы, «Алаш»партиясы, Алашорда, кеңес үкіметі, қоғамдық сана, әлеуметтік-философиялық идеялар, ұлттық құндылықтар.