ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТІЛ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ФИЛОСОФИЯ ТІЛІ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ

Том 84 № 4 (2023), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 84 № 4 (2023)
2023-11-09

Авторлар

  • Самет Байжума Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-7748-5438
  • Айнұр Құрманалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5299-2695
  • Клара Таджикова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0009-0000-5615-5114

Аңдатпа

Әл-Фарабидің тіл мәселесіне қатысты көзқарастары негізінен Аристотельдің көзқарасымен сәйкес келеді. Бірақ тілді зерттеуді поэтика мен риторика шеңберімен шектеген, тілді дербес зерттеу нысаны ретінде мүлдем қабылдамайтын Аристотельге қарағанда, Фараби тілді ғылыми зерттеу пәні ретінде бөліп алып, оны ғылыми зерттеудің пәні ретінде бөліп көрсетеді және оны ғылымның негізгі саласы ретінде қарастыратын пәндердің классификациялық тізіміне енгізеді, бұл тереңінен зенттеуді қажет етеді. Тілдің философиялық мәселесінде басты сұрақ – тілдің пайда болу мәселесі. Бұл сұрақ үнемі араб тілді әлемнің ғалымдарының назарынан тыс қалмаған, аталған мәселе араб лингвисттерін, мұсылман теологтарын, әрине, философтарын да қызықтырды. Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі мәселелері: тіл мен сананың арқатынасы, логика мен грамматиканың сабақтастығын және философиялық терминдердің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында тіл философиясының негізгі мәселелерінің даму тарихын талдау, олардың қоғамдық-гуманитарлық білімнің ғылыми парадигмасының дамуы үшін маңызын көрсету, әл-Фарабидің тіл туралы ілімінің философиялық (онтологиялық, әдіснамалық, гносеологиялық, аксиологиялық) негіздерін анықтау, тілдің философиялық мәселелерін логикамен байланыста тұжырымдау, терминдер мен терминология туралы пікірлерін, ұғымдық-категориялық аппаратын түсіндірме бере отырып зерттеу және т.б. зерттеулерінің өзекті мәселелері мен әдіснамалық принциптеріне философиялық негіздеме беру сынды міндеттер қойылды. Тіл философиясы философияның ойлау мен тіл арасындағы байланысын ғана зерттеу саласы емес, тілдің коммуникативтік рөлін, дискурстағы сөздің және сөйлеудің әртүрлі формасын, танымдағы сана мен білім рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін әл-Фарабидің әлеуметтанулық, саяси, ішінара логикалық көзқарастары зерттелгенмен, оның лингвистикалық ізденістеріне жүйелі түрде философиялық талдау жасай отырып, сөз бен ойлаудың, грамматика мен логиканың байланысын зерттеу мақаланың маңызды көрсеткіші болады.

Түйін сөз: әл-Фараби ілімі, тіл философиясы мен философия тілі, тіл және ойлау, Араб-мұсылман философиясы, Философиялық терминология, логика мен грамматика сабақтастығы.