ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

ӘДІЛЕТТІЛІК КОНТЕКСТІНДЕГІ БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Том 83 № 3 (2023), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Аңдатпа

Әділеттілік пен жауапкершілік мәселелері философия мен саясаттану саласындағы көптеген зерттеулердің негізін құрайды. Әлемнің көптеген елдерінде болып жатқан қазіргі ішкі саяси процестерде бұл мәселелер мемлекет саясатының негізі болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламентінің үшінші сессиясында айтылған ел халқына Жолдауы әділ мемлекетті қамтамасыз ету стратегиясына, біртұтас ұлтты, сондай-ақ берекелі қоғамды қалыптастыруға арналды. Соңғы уақытқа дейін зерттеушілер әділеттілікті және соған байланысты Қоғамның қазіргі әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ететін идеологиялық, тәрбиелік, экономикалық механизмдерге аз назар бөлді.

Осыған байланысты, мақала бүгінгі жағдайдағы және салыстырмалы перспективадағы психологиялық және әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде жауапкершілік пен әділеттілікті атрибуциялау тетіктерін зерттеуге арналады, сондай-ақ олардың қолданылуын талдауды және оларды қазіргі қазақстандық шындықта жетілдіру жөніндегі шараларды ұсынады.

Түйін сөздер: әлеуметтік жауапкершілік пен әділеттіліктің атрибуттары, адамгершілік пен тұрақтылық.