ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕРДЕГІ ДІН

ИСЛАМДЫҚ ДІНИ САНАНЫҢ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ИСЛАМ АҚЫЛЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Том 83 № 3 (2023), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕРДЕГІ ДІН
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Авторлар

Аңдатпа

Осы мақаламызды мұсылман үмбетінің бүгінгі жағдайына, оның кейбір басты проблемаларына және оның шешу жолдарын қарастыруға арнадық. Бұл салада жасалған зерттеулердің кейбіріне тоқталып, оған сараптама жасауға тырыстық.

Бұл мәселеге қатысты зерттеушілердің көзқарастары әр түрлі, тіпті бір-біріне қарама қайшы. Мақала барысында олардың ойларын жеке-жеке талдай отырып, негізгі топтарға бөлдік.

Бұл тақырып Ислам әлемін зерттеушілердің қазіргі таңдағы ең жиі қозғаған тақырыптарының біріне жатады және әртүрлі атаумен қозғалған. Мысалы, «Таждид» яғни жаңару, «Таждид фикр ислами» – Ислам пікірін жаңарту деген атаумен немесе қазіргі діни пікірді, ақылды сынға алу деген атаулармен де белгілі. Атап айтқанда «Араб ақылына сын», «Ислам ақылына сын» тақырыптары да аталмыш мәселені қозғайды.

Мақалада техника мен технологияның дамыған ғасырында жалпы адамзатқа діннің қажеттілігі, оның ішінде бүгінгі мұсылмандардың рөлі, олардың модернисттік заманға бейімделе алауына байланысты айтылған көзқарастарды негізгі үш топқа бөліп қарастырдық. Мақаламыздың мақсаты – Ислами діни сананы модернизациялаудың зерттеушілер тарапынан ұсынылған көзқарастарды қарастыру және оларды негізгі топтарға бөліп, әр топтағы көзқарастарды сараптау болды.

Түйін сөздер: жаңарту, Діни сана, Ислам ақылы, Араб ақылы, концепция, модернизация.