CАЯСАТ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ҮРДІСТЕР

ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҚАНДАСТАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Том 83 № 3 (2023), CАЯСАТ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ҮРДІСТЕР
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада қандастардың қазақстандық қоғамға интеграциялануының өзекті мәселелері қарастырылады. Авторлар А.Агер мен Э.Стрэнг теориясы негізінде Қазақстандағы оралмандардың көші-қон және бейімделу үдерісін зерттеуді мақсат етіп қойды, осы теорияға сәйкес интеграциясының сәтті іске асуының 10 критерийі бар. Зерттеу қорытындылары БАҚ және әлеуметтік желілердің құжаттық және тұжырымдамалық талдауларына негізделеді. Мемлекет қабылдаған нормативтік актілердің іс жүзінде қалай орындалып жатқанын түсіну мақсатында көші-қонға қатысты құжаттар мен заңдар талданды. Одан басқа, Қазақстанның 3 аймағында: Алматы облысы, Есік қ.; Шығыс Қазақстан облысы, Шығыс ауылы және Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеевка ауылында қандастармен жүргізілген нарративті-өмірбаяндық сұхбаттар зерттеу негізі ретінде алынды. Бұл далалық зерттеулер 2023 жылдың шілде-тамыз айларында «Қазақстандық қоғамға қандастарды интеграциялаудың идентификациялық аспектілері» жобасы бойынша олардың қоғамға интеграциялану дәрежесін және өзін-өзі идентификациялау ерекшеліктерін түсіну мақсатында өткізілді. Проблемалар мен болашақта шешуді қажет ететін міндеттер анықталды.

Түйін сөздер: көші-қон, репатриация, Қазақстанның көші-қон заңнамасы, қандастардың қазақстандық қоғамға интеграциясы, көші-қон мәселелері.