ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕРДЕГІ ДІН

ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ШЕТЕЛДЕРДІҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Том 83 № 3 (2023), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕРДЕГІ ДІН
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Авторлар

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада шет елдердегі діни және зайырлы құндылықтардың өзара әрекеттесуінің әртүрлі үлгілеріне шолу мен талдау берілген. Үш негізгі модель талданады: лаицизм, діни мемлекет және аралас жүйе, олардың негізінде Франция, Ұлыбритания және Иран мысалдары жан-жақты зерттеледі. Әртүрлі елдердің қоғамы мен мәдениетіндегі діни және зайырлы құндылықтардың рөлін толық және тереңірек түсіну үшін Оливье Рой, Кэролайн Фурест, Натан Олсен, Гирайалп Қарақұс, Линда Вудхед және Гэвин Д’Коста сияқты ғалымдардың зерттеулері қарастырылады.

Әрбір модельдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау оларды әлеуметтік-мәдени және саяси контексте қолданудың әртүрлі аспектілерін көрсетеді. Бірнеше үлгілерді және оларды жүзеге асыру аспектілерін салыстыру негізінде діни бостандықтарды құрметтеу мен әрбір ел үшін оның ерекшеліктері мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттің зайырлылығын қамтамасыз ету арасындағы бірегей тепе-теңдікті табу қажет деген қорытындыға келеміз. Ғылыми зерттеулерге негізделген ашық диалог қайшылықтарды тиімді шешуге және қоғамның тұрақты, әрі үйлесімді дамуы үшін ең ұтымды жағдай жасауға ықпал ете алады.

Түйін сөздер: діни құндылықтар, зайырлы құндылықтар, Франция, Иран, Ұлыбритания, лаицизм үлгісі, діни мемлекет үлгісі, аралас үлгі, діни сенім бостандығы.