ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ

ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ГЕОСАЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Том 83 № 3 (2023), ТАРИХ АҒЫМЫНДАҒЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Аңдатпа

Ежелгі түркі жазба ескерткіштерінде қағанаттар кезеңдегі түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған құнды мәліметтер бар. Осы дереккөздерді ғалымдар жеткілікті дәрежеде зерттегеніне қарамастан, қазіргі зерттеушідер дәстүрлі мәдениеттің жекелеген аспектілерін ашуға ықпал ететін қызықты деректерді анықталайды. Кеңістіктікті қабылдау, дүниетаным, түріктер мен көрші халықтардың географиялық орналасуы туралы түсініктер сияқты мағлуматтар болып табылады. Тас стелалардың мазмұны олардың жаулап алу жорықтарын жүргізу тарихын, мемлекет құру саясатын еске түсіру үшін тұрғызылғанын көрсетеді. Көрші халықтардың қысқаша сипаттамалары қазіргі шындық үшін өзектілігін жоғалтпайды. Ерте орта ғасырларда қалыптасқан саяси қатынастар қазіргі кезеңдегі халықтар арасындағы қарым-қатынасты орнатуға бағыттаушы болып табылады.

Мақала аясында ежелгі түркі хронотоптары, бірінші және екінші Түркі қағанаттарының билеушілері жүзеге асырған әскери жорықтардың салдарынан қазіргі Орталық Азия аумағында түркі географиялық атауларының таралуы қарастырылды. Зерттеу шеңберіне зерттелетін дереккөздердегі мағлуматтарды тарту тарих пен мәдениеттің ғана емес, геосаясат мәселелерінің де көптеген аспектілерін ашуға мүмкіндік береді. Тасқа қашалған қағандың түркі халқына үндеу бүгінгі күнге дейін актуалдығын сақтаған. Олар көрші елдердің саясатын еске салады. Мақаланың авторы ата-бабалар жүріп өткен тарихи жол көрші елдермен қарым-қатынас орнатуға, олардың басқа халықтарға деген көзқарасын жақсы түсінуге бағыттаушы ретінде қызмет етеді деген қорытындыға келді. Немаловажное значение имеет призыв в древнетюркских письменных памятниках к единству тюркских народов, что служило залогом стабильного развития страны, роста могущества. Ежелгі түркі жазба ескерткіштерінде түркі халықтарыны бірлікке шақырған болып, ол елдің тұрақты дамуының, қуаттың өсуінің кепілі қызметін атқарады.

Түйін сөздер: түркі халықтары, көне түркі жазба ескерткіштері, қағанат, кеңістіктік қабылдау, саясат, Орталық Азия.