ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ

ТОЛЫҚ АДАМ МӘСЕЛЕСІ

Том 82 № 2 (2023), ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ
Том 82 № 2 (2023)
2023-07-09

Авторлар

  • Аяжан Сагикызы Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК
  • kkonyrbayeva ҚР БЖҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты https://orcid.org/0000-0003-2073-9999
  • o_kanat С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0003-1268-0763

Аңдатпа

Мақала адам болмысының кемелденуі мәселесіне арналған. Адам көп деңгейлі және сан қырлы. Толық адам - бөлшектелген адамның қарама қарсылығы. Мұндай адам, адамның адамдық мәні атрибуттарының толықтығын жоғалтуына әкелетін заттық іс-әрекеттің әлеуметтік бөлінуі нәтижесінде пайда болатын адам деп түсіндіріледі.Адам болмысы үш негізгі түрге бөлінеді – индивид, индивидуалдылық және тұлға. Олардың әрқайсысы бір нәрсеге негізделеді.Жеке адамның қалыптасуы абстрактілі бүкілжалпылыққа ие, соның нәтижесінде ол басқа адамдардан көп ерекшеленбейді және бәрімен бірдей боп көрінеді. Адамның индивидуалдылығы, керісінше, кез-келген нәрседе көрінуі мүмкін ерекшелікке жеткізетін абстрактілі бірлікке негізделеді. Соның нәтижесінде индивидуалдылық оң да, теріс те болуы мүмкін. Өз негізінде тұлға абстрактілі бүкілжалпылық пен абстрактілі жалқылықтың синтезі ретінде нақты түрде ерекшеленеді. Тұлға әрқашан бүтін, толық адам ретінде өмір сүреді, бөлшектенген тұлға болмайды. Сонымен бірге, адамзат тарихының алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан кейін басталған және қазіргі уақытта жалғасып жатқан кезеңінде адам тұлға ретінде тек адамның жетекші атрибуттарының синтезін қамтиды. Әр адамды толығымен біртұтас тұлғаға айналдыру тек жаттанудан арылу  және оны жою нәтижесінде мүмкін болады, оның болашағы әзірше  өте күрделі.

Түйін сөздер: толық адам, бөлшектенген адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға, іс-әрекет, іс-әрекеттің бөлінуі, жаттану, әлеуметтік рөл, этика, дін, еркіндік.