МӘДЕНИЕТ. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ МУЛЬТИМЕДИА ҚҰБЫЛЫСЫН МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Том 82 № 2 (2023), МӘДЕНИЕТ. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
Том 82 № 2 (2023)
2023-07-09

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада заманаауи кезеңдегі мультимедиа дамуының әлеуметтік-мәдени аспектілері қарастырылады, түрлі ақпараттық өнімдер мен оларды әзірлеу құралдары туралы қызметтің көптеген  салаларында мультимедиалық технологияларды қолдану туралы жалпы түсініктер беріледі, олардың бітім-болмысы мен ішкі мазмұны  ашылады. Мәдениеттегі мультимедиа құбылысы ерекшелігін анықтайтын өзіндік қырлары мен оның өзін-өзі реттеуі, қалыптасуы мен дамуын анықтайтын ішкі және сыртқы жүйе құраушы факторлары бар күрделі, ашық және икемді жүйе ретінде қарастырыла отырып, оның қолданбалы маңызына да көңіл бөлуге талпыныстар жасалады. Мультимедиалық мәдениеттің ерекшелігін қарастыру қоғам мен рухани болмыстың ерекше өнімі боып есептелетін мәдениет, өнер сияқты күрделі, адам шығармашылық мүмкіндіктерінің жемісіне жан-жақты жүйелердің өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асады. Жұмыста мәдени-әлеуметтік өмірде өзінің ерекше орнын ала бастаған мультимедиалық жүйені оңтайландыру қажеттілігі мен мүмкіндігі көрсетілген. Зерттеу нәтижелері бойынша мультимедиа бұл технологиялық революцияның өнімі ғана емес, мыңдаған жылдар бойы өнер мен іс-әрекеттің сан түрлерінде болатын идеялардың цифрлық көрінісі ретінде әрекет ететін көркем шығармашылықтың жаңа түрі деген қорытындыға келеді.

Түйін сөздер: анализ, идея,тұлға, қоғам, мультимедиа, мәдениеттану, компьютерлік
технологиялар, цифрлық өнер, өнертану, визуалды өнер