ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МИФОЛОГЕМАЛАРЫНДАҒЫ ҒАЛАМНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ БЕЙНЕСІ

Том 84 № 4 (2023), ҚАЗІРГІ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ
Том 84 № 4 (2023)
2023-11-09

Авторлар

Аңдатпа

 Әлемнің концептуалды бейнесі – белгілі бір тілдік ұжымның санасында тарихи түрде қалыптасқан, тілде бейнеленген және әрдайым жаңарып тұратын ғалам туралы түсініктердің, білімнің жиынтығы болып табылады. Әлемнің концептуалды бейнесін жан-жақты қарастыруда мифологиялық шығармалардын орны ерекше. «Миф»- адам баласының рухани мәдениетінің ең көне түрі. Адам танымының алғашқы көрінісі болып мифтік, фольклорлық шығармалар табылады. Әлемдік және қазақ фольклортану ғылымында мифке қатысты ғылыми еңбектер болса да, ағылшын және қазақ мифтік образдарын салыстыра зерттеу алғаш қарастырылып отыр. Мақалада қазақ және ағылшын мифологемаларының салыстырмалы талдау арқылы екі елдің танымындағы рухани, мәдени сабақтастықтар мен ерекшеліктер және тілдік құбылыстардың табиғаты, қолданылуы, семантикалық жағынан өзгеріске ұшырауы анықталмақшы. Сондай-ақ осы мифтердің әр мәдениеттегі әлемнің тілдік бейнесін қалай қалыптастыратыны туралы талқыланады. Бұл зерттеудің нәтижелері психология, нейроғылым, лингвистика және философия, дінтану және мәдени антропология секілді ғылым салаларына үлес қосады.

Түйін сөздер: мифологемалар, ғаламның концептуалдық бейнесі, мифология, мәдени ерекшелік, салыстырмалы талдау.