ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОРТАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ («НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ» СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ САУАЛНАМА ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Том 83 № 3 (2023), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 83 № 3 (2023)
2023-11-01

Авторлар

Как цитировать

Турысжанова , Р., & Жаксыбаева , Б. . (2023). ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОРТАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ («НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІ» СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ САУАЛНАМА ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ). Әл-Фараби, 83(3), 134–149. https://doi.org/10.48010/2023.3/1999-5911.12

Аңдатпа

Ұсынылып отырған ғылыми мақаланың жаңалығы – қазақстандық студенттік ортада патриотизмді қалыптастыру мәселесі, ешқашан патриоттық тәрбие беру агенті ретінде Интернет-ортаның мүмкіндіктері контекстінде қарастырылмағаны жайында. «Narxoz Университеті» 2-3 курс студенттері арасында жүргізілген социологиялық сауалнама арқылы әлеуметтік желілер мен Интернет-басылымдардың патриоттыққа әсері қарастырылады. Мақалада көтерілген мәселе – Интернет ресурстарын пайдалану арқылы патриоттық тұлғаны тәрбиелеудің нысандары мен әдістерін кеңейту мүмкіндіктерін ашу. Әлеуметтанулық сауалнама арқылы патриоттық құзіреттілікті қалыптастыру бойынша ұсыныстар беріледі.

Түйін сөздер: отансүйгіштік, азаматтық, рухани құндылықтар, студент жастар, студенттік орта, патриоттық тәрбие, Интернет кеңістігі, Интернет-технологиялар, әлеуметтік желілер.