ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕРДЕГІ ДІН

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «МИН ӘЛ-ӘСИЛӘТИ ӘЛ-ЛАМИЪАТИ УӘ-Л ӘЖУИБАТИ ӘЛ-ЖАМИЪАТИ» ТРАКТАТЫНДАҒЫ ПАЙҒАМБАРЛАР МЕН ЕЛШІЛЕР ТУРАЛЫ

Том 82 № 2 (2023), ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КОНТЕКСТЕРДЕГІ ДІН
Том 82 № 2 (2023)
2023-07-09

Авторлар

Аңдатпа

Мақала Әбу Насыр әл-Фарабидің «Мин әл асиләти әл-ламиъати уә-л әл-ажуибати әл-жәмиъати» – «Жарқыраған сұрақтар мен толымды жауаптардан» (ориг.مـِن الأسـئـلـة اللامـعـة و الأجـوبـة الجـامـعـة) атты трактатына арналады. Алғаш рет ХХ ғасырдың ортасында (1951 ж.) әлемдік фарабитану ғылымына танылып, «Екінші ұстаз» еңбектерінің библиографиялық көрсеткіштері қатарына қосылған трактаттың бізге дейін жеткен жалғыз қолжазбасына (Айя София/4855) тарихи-деректанулық талдау жасалады. Трактаттың тақырыбы, құрылымы, мазмұны анықталады.

Сан қырлы ғылым саласын философия мен логикадан тарата зерттеген әл-Фарабидің көпсалалы теориялық ілімдерінің қатарында дінге қатысты көзқарастары өзіндік орынға ие. Әйгілі ортағасыр кезеңінде өмір сүрген ойшылдың дүниетанымдық көзқарастарының бір қыры антикалық ғылыми дәстүрде жатса, алтын дәуір (Шығыс Ренессансы) өмірге әкелген Құран, пайғамбарлық, мұсылман құқықтары сынды дін туралы ғылымның пайда болуы екінші жағынан зор әсер етті. Ғалымның Аристотель негіздеген Ғылымдар жіктемесінің[i] мазмұнын Мұсылман Шығысында өзгеше өрбітуі де сол кездегі рухани мәдениеттің басты элементі болған діннің ғылым ретінде қалыптаса бастауымен тікелей байланысты болды.

Әбу Насыр әл-Фарабидің зерттеу нысанына алынып отырған «Мин әл асиләти әл-ламиъати...» трактаты бастан-аяқ Құранда аты аталатын пайғамбарлар мен олардың өмірлері туралы жазылған риуаяттардан құрылған. Мақалада Алла Тағала тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен елшілер, олардың өмірлері туралы жеткен хадистер мен риуаяттар, сондай-ақ, ислам тарихында орны бар тарихи оқиғалар мен әр оқиғаға қатысты түсірілген Құран аяттарына Әбу Насыр әл-Фарабидің көзқарасы айқындалады.

Түйін сөздер: Әбу Насыр әл-Фараби, «Мин әл асиләти әл-ламиъати...» трактаты,
пайғамбар, елші, Құран аяттары, Айя София кітапханасы.